26.08.2025 14:45

Ханс-Дитер Флик үздік атанды

26.08.2025 14:45

Гамбургте Sport Bild Awards марапаттау рәсімі өтті.

Нәтижесінде 2024/25 жылғы маусымның үздік бапкері Ханс-Дитер Флик атанды.

60 жастағы маман «Барселонамен» бірге өткен маусымда Ла Лигада, Испания кубогында және Испания Суперкубогында топ жарды.

Естеріңізге сала кетсек, Флик каталониялықтардың тізгінін 2024 жылдың шілде айында ұстаған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram