26.08.2025 13:59
Нико Ковач «Боруссияда» қалатын болды
26.08.2025 13:59
Дортмундтық «Боруссия» бапкері Нико Ковач клубпен келісімшартын ұзартты
Қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген жаңа құжатқа қол қойды.
53 жастағы хорватиялық маман «аралар» тізгінін ақпан айында ұстаған еді.
Осы аралықта команда 16 рет жеңіске жетіп, 5 мәрте тең ойнап, 6 матчта жеңіліс тапты.