26.08.2025 13:14

Эдерсон ат басын Түркияға бұруы мүмкін

26.08.2025 13:14

«Манчестер Сити» ойыншысы Эдерсон мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, «Галатасарай» бразилиялық қақпашы үшін «Манчестер Ситиге» 15 миллион еуро ұсыныс жасаған.

Ыстамбұлдық ұжым 32-жастағы голкипермен үш жылға жарамды келісімшартқа отырғысы келеді.

Эдерсон «Манчестер Сити» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 372 матчта «қалалықтар» қақпасын қорғап, 168 ойында гол жібермеді. Командамен бірге Англияның алты дүркін чемпионы атанып, бір мәрте Чемпиондар лигасында топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram