24.08.2025 15:53

Доннарума «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын

24.08.2025 15:53

«ПСЖ» ойыншысы Джанлуиджи Доннарума «Манчестер Сити» ойыншысы атануға жақын

Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап келісімнің негізгі шарттары бойынша бір мәмілеге келген. Клубтар арасында әлі де келіссөз өрбіп жатыр. Трансфер құны 50 миллион еуроны құрауы мүмкін.

Алайда, ауысым тек Эдерсон клубтан кетсе ғана орын алады. Қазіргі таңда бразилиялық қақпашыға Түркияның «Галатасарай» командасы қызығушылық танытып отыр.

Доннарума осыған дейін ПСЖ намысын қорғады. Париждік ұжымның сапында Францияның төрт дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды. Клубтағы төрт жылда жалпы 161 ойын өткізіп, 56 кездесуде қақпасына гол жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram