26.08.2025 11:53
Аканджи «Галатасарайға» ауысуы мүмкін
26.08.2025 11:53
Мануэль Аканджи мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін
Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Сити» «Галатасарайдың» Аканджи үшін жасаған ұсынысын қабылдапты.
Түркиялық ұжым швейцариялық қорғаушыны 15 млн фунт стерлингке сатып алуға мүдделі.
«Қалалықтар» ойыншысымен қош айтысуға қарсы емес, бірақ соңғы сөзді Аканджидің өзі айтады.
Себебі, Мануэльге Германияның «Байер» командасы да қызығушылық танытып отыр. Леверкузендіктер оны жақында «Арсеналға» ауысуы мүмкін Пьеро Инкапьені лайықты түрде алмастыра алатын футболшы ретінде көреді.
Айта кетейік, Аканджи өткен маусымда 40 ойынға қатысып, 2 нәтижелі паспен көзге түсті.