26.08.2025 11:16
Варди мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін
26.08.2025 11:16
Джейми Варди «Кремонезе» сапын толықтыруы мүмкін
Джанлука Ди Марционың мәліметінше, «жолбарыстар» англиялық шабуылшыны қатарына еркін агент ретінде қосқысы келеді.
Қос тарап арасында келіссөз басталып кетіпті.
Айта кетейік, Варди осы жазда «Лестерден» кеткен еді. Ол 2012-2025 жылдар аралығында «түлкілер» намысын қорғап, 500 ойында 200 гол соғып, 71 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Англия чемпионы атанып, Ел Кубогы мен Суперкубогында топ жарды.