26.08.2025 11:28

Испаниялық клуб Онананы қатарға қосқысы келеді

26.08.2025 11:28

«Манчестер Юнайтед» қақпашысы Андре Онана ат басын Испанияға бұруы мүмкін

Indykaila басылымының мәліметінше, камерундық қақпашыға «Севилья» қызығушылық танытуда.

Андалусиялықтар 29 жастағы футболшыны маусым соңына дейін жалға алғысы келеді.

Былтыр Онана «Манчестер Юнайтед» сапында жалпы 50 ойын өткізіп, 11 матчта қақпасына гол жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram