25.08.2025 17:12
«Манчестер Юнайтед» жеңіссіз сериясын ұзартты
25.08.2025 17:12
Ағылшын Премьер-лигасының 2-туры аясында «Манчестер Юнайтед» қонақта «Фулхэммен» тең тарқасты (1:1)
Осылайша, манкуниандықтардың ішкі біріншіліктегі сырт алаңдағы жеңіссіз сериясын алты матчқа дейін ұзарды.
Бұған дейін «қызыл сойқандар» түздегі ойында «Челси», «Брентфорд», «Ньюкасл» және «Ноттингем Форестке» есе жіберді. Одан бөлек «Борнмутпен» тең түсті.
Соңғы рет команда таңсық стадионда 16 наурыз күні жеңіске жеткен. Ол кезде «Лестерді» «Кинг Пауэр стэдиумда» 3:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Енді Аморим шәкірттері сырт алаңдағы келесі ойынын «Манчестер Ситиге» қарсы 14 қыркүйек күні өткізеді.