23.08.2025 16:29

10

Хейлунд «Наполиге» ауысуға жақын

23.08.2025 16:29

10

«Манчестер Юнайтед» футболшысы Расмус Хейлунд мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Фабрицио Романоның мәліметінше, кеше, жұма күні «Наполи» клубының өкілдері ойыншының агентімен кездескен.

Ал манкуниандықтар даниялық шабуылшымен қош айтысуға дайын отыр.

Өткен маусымда 22 жастағы Хейлунд 52 матчқа қатысып, 10 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram