23.08.2025 15:37

Моуринью АПЛ-ге оралуы мүмкін

23.08.2025 15:37

«Фенербахче» бапкері Жозе Моуриньо ат басын Англияға бұруы мүмкін

The Sun басылымының мәліметінше, португалиялық маман «Ноттингем Форест» клубының тізгінін ұстауға дайын.

Сондай-ақ ноттингемдіктердің бас бапкері атануға Эндж Постекоглу да үміттті.

Осыған дейін, қазіргі бапкер Нуну Эшпириту Сантудың басшылықпен тіл табыса алмай, клубтан кеткелі жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Жозе үшін Ағылшын Премьер-лигасы таңсық емес. Ол бапкерлік мансабында Англияның «Челси» (2004-2007, 2013-2015), «Манчестер Юнайтед» (2016-2018) және «Тоттенхэм» (2019-2021) сынды алпауыт клубтарын жаттықтырған.

Айта кетейік, АПЛ-дың алғашқы турында «Брентфорды» (3:1) тізе бүктірген «орманшылар» турнирлік кестенің бесінші сатысында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram