22.08.2025 17:41
Постекоглу АПЛ клубын тізгіндеуі мүмкін
22.08.2025 17:41
Эндж Постекоглу «Ноттингем Форест» бас бапкері атануға басты үміткер атанды
Журналист Маттео Мореттоның мәліметінше, «орманшылар» шотландиялық маманды клубқа жетекшілік ете алатын лайықты тәлімгер ретінде көреді.
Осыған дейін, қазіргі бапкер Нуну Эшпириту Сантудың басшылықпен тіл табыса алмай, клубтан кеткелі жатқаны туралы ақпарат тараған еді.
Ал Постекоглу осы жаздың басында «Тоттенхэмдегі» жұмысынан босатылған болатын.
Айта кетейік, АПЛ-дың алғашқы турында «Брентфорды» (3:1) тізе бүктірген ноттингемдіктер турнирлік кестенің бесінші сатысында келеді.