22.08.2025 16:22

«Ноттингем Форест» бас бапкерсіз қалуы мүмкін

22.08.2025 16:22

«Ноттингем Форест» бас бапкері Нуну Эшпириту Санту қызметінен кетуі мүмкін

Журналист Маттео Мореттоның мәліметінше, Нуну мен клуб қожайыны Евангелос Маринакис сөзге келіп қалған.

Португалиялық бапкер осы жазда жасалған трансферлерге көңілі толмайтынын жасырмай, алға тартқан.

Нәтижесінде, «орманшылар» 51 жастағы маманның орнына жаңа тәлімгер іздеу үстінде.

Айта кетейік, «Ноттингем Форест» Нуну Эшпириту Сантудың жетекшілігімен АПЛ-дың өткен маусымында жетінші орыннан көрінген болатын.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram