23.08.2025 08:10
Заруцкий үшін маусым ерте аяқталуы мүмкін
23.08.2025 08:10
«Қайрат» қақпашысы Александр Заруцкий сырт алаңдағы «Селтикке» қарсы матчта (0:0) тізесін жарақаттап алған еді
Meta-ratings хабарлауынша, осыған байланысты голкипер маусымды ерте аяқтауы мүмкін.
Нақтысы толыққанды медициналық тексерістен өткеннен кейін белгілі болады.
Ал Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі финалының қарымта матчы 26 тамыз күні Алматыда өтеді.