24.08.2025 23:13

3

«Манчестер Юнайтед» АПЛ-дегі алғашқы ұпайын еншіледі

24.08.2025 23:13

3

Ағылшын Премьер-лигасының 2-туры аясында «Манчестер Юнайтед» «Фулхэмге» қонаққа барды

«Крейвен Коттедж» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Матч есебін алаң қонақтары ашты. 58-минутта Мунис Родриго өз қақпасына гол соғып алды. Араға аз уақыт салып, 73-минутта Эмиль Смит-Роу қақпа торын тулатты.

Сондай-ақ, 38-минутта «МЮ» капитаны Бруно Фернандеш пенальтиді сәтті пайдалана алмады.

Осылайша, қос команда тең нәтижеге қанағат білдірді.

«Манчестер Юнайтед» маусымдағы алғашқы ұпайын олжалап, 16-орынға жайғасты. Манкуниандықтар алғашқы турды «Олд-Траффордта» өткізіп, «Арсеналға» (0:1) есе жіберген еді.

Енді Аморим шәкірттері ішкі чемпионаттағы келесі ойынын «Бёрнлиге» қарсы өз алаңында өткізеді. Аталған кездесу 30 тамызға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram