24.08.2025 22:03
3
Бонифасе «Миланға» ауыспайтын болды
24.08.2025 22:03
3
«Милан» Виктор Бонифасенің трансферінен бас тартты
Медициналық тексеріс кезінде 24 жастағы шабуылшының жарақаты бар екені мәлім болды.
Енді Бонифасе бүгін «Байер» сапына қайта оралады.
Ал «россонери» «Спортинг» ойыншысы Конрад Хардерді сатып алуға тырысып көреді.
Айта кетейік, Массимилиано Аллегри шәкірттері А Сериясының алғашқы турында «Кремонезеге» (1:2) есе жіберген еді.