24.08.2025 21:15
3
«Вест Хэм» бас бапкерсіз қалуы мүмкін
24.08.2025 21:15
3
«Вест Хэм» бас бапкері Грэм Поттер орнын босатуы мүмкін
Daily Mail басылымының мәліметінше, англиялық маманның клубта қалу-қалмауы алдағы екі ойынның нәтижесінде белгілі болады.
Егер лондондықтар «Вулверхэмптон» мен «Ноттингем Форестке» қарсы матчтарда сәтсіздікке ұшыраса, Поттер жұмысынан айырылады.
Айта кетейік, «Вест Хэм» АПЛ-дың алғашқы екі турында «Сандерленд» (0:3) пен «Челсиге» (1:5) ірі есеппен жеңілген болатын.