24.08.2025 20:30
Грилиш «Эвертон» сапында көзге түсті
24.08.2025 20:30
Ағылшын Премьер-лигасының 2-туры аясында «Эвертон» 2:0 есебімен «Брайтонды» жеңді
Мерсисайдтықтар сапында Илиман Ндиайе мен Джеймс Гарнер қақпаны дәл көздеді.
Ал осы Гарнер мен Ндиайеге нәтижелі пас берген Грилиш болды.
Англия құрамасының жартылай қорғаушысы клубқа «Манчестер Ситиден» бір маусымға жалға келген еді.
Дэвид Мойес шәкірттері келесі турда «Вулверхэмптонға» қонаққа барады. Аталған кездесу 30 тамызға жоспарланған.