21.08.2025 17:29
8
«Милан» жұлдызы «Лидске» ауысты
21.08.2025 17:29
8
Ноа Окафор «Лидс» ойыншысы атанды
Англиялық клуб 25 жастағы вингерді «Миланнан» 20 млн еуроға сатып алды.
Қос тарап 2029 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Окафор өткен маусымда «Милан» сапында доп тепті. Сондай-ақ «Наполиде» жалға ойнап қайтты. А Сериясында жалпы 15 кездесу өткізіп, бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Айта кетейік, «Лидс» Ағылшын Премьер-лигасын «Эвертонға» (1:0) қарсы жеңіспен бастаған болатын. «Тауыстар» алғашқы турдан кейінгі турнирлік кестеде 7-орында келеді.