26.08.2025 12:11

Месси қатарға оралды

26.08.2025 12:11

«Интер Майами» дүлдүлі Лионель Месси алаңға шығуға дайын

Inter Miami News Hub мәліметінше, 38 жастағы шабуылшы жарақатынан айығып, ұжымдық жаттығуға кіріскен.

Аргентиналық футболшы 28 тамыз күні Лига кубогының жартылай финалы аясында өтетін «Орландо Ситиге» қарсы ойынға қатысуға әзір.

Осыған дейін Лионель бұлшық ет жарақатына байланысты команданың соңғы ойыныдарынан тыс қалған еді.

Айта кетейік, Месси биыл MLS-те 19 кездесуге қатысып, 19 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram