21.08.2025 08:15
«Интер Майами» Лига Кубогының жартылай финалына шықты
21.08.2025 08:15
Майамидің клубы Лига кубогының ширек финалында мексикалық «Тигресті» 2:1 есебімен тізе бүктірді
Ойынның 23-минутында Луис Суарес пенальтиден гол соғып, есеп ашты. 67-минутта Анхель Корреа таразы басын теңестірді. Алайда, уругвайлық шабуылшы 89-минутта тағы да 11-метрлік айып добын мүдірмей орындап, командасына жеңіс сыйлады.
Ал Лионель Месси аталған ойынға шақырту алмаған.
Келесі кезеңде «Интер Майами» «Орландо Ситимен» күш сынасады.