19.08.2025 19:10

7

«Әл-Наср» Саудия Суперкубогының финалына шықты

19.08.2025 19:10

7

Эр-Риядтың клубы Гонконгта өтіп жатқан Сауд Арабиясы Суперкубогының жартылай финалында «Әл-Иттихадты» 2:1 есебімен жеңді

Ойынның 10 минутында Садьо Мане есеп ашып, 25-те алаңнан қуылып кетті. Бірақ 61 минутта Жоау Феликс командадағы алғашқы әрі жеңіс голын соқты.

Финалда «Әл-Наср» «Әл-Ахли» – «Әл-Кадисия» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, «Әл-Хиләл» клубтар арасындағы Әлем чемпионатынан кейін ойыншыларының шаршауына байланысты Суперкубоктқа қатысудан бас тартқан еді.

Әлімжан Асқар

Әлімжан Асқар

instagramInstagram