19.08.2025 16:27
6
ҚПЛ шілде айының үздіктері белгілі болды
19.08.2025 16:27
6
Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының бас бапкерлері мен капитандарының дауыс беруі бойынша шілде айының үздіктері анықталды.
Үздік бапкер Рафаэль Уразбахтин («Қайрат») атанса, «үздік ойыншы» атағы Дастан Сәтпаевқа («Қайрат») бұйырды.
Дастан осыған дейін наурыз, сәуір және мамыр айында үздік деп танылған еді. Ал Уразбахтин үшін бұл осы маусымдағы екінші жүлдесі болды.
Қос үздіктің клубы ҚПЛ 21 турынан кейін 43 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр.