27.08.2025 09:49

Упамеканоға Ла Лига клубы көз тікті

27.08.2025 09:49

«Бавария» ойыншысы Дайо Упамекано мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Bild басылымының мәліметінше, мадридтік «Реал» франциялық қорғаушыны келесі жазда еркін агент ретінде қосқысы келеді.

26-жастағы футболшының мюнхендіктермен келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Упамекано «Бавария» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 154 матч өткізіп, 5 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram