03.09.2025 08:52

Эмерик Ляпорт «Атлетикке» оралмайтын болды

03.09.2025 08:52

As хабарлауынша, «Атлетик» Эмерик Ляпортты трансфер кезеңінің соңғы күнінде тіркеп үлгермепті.

Фабрицио Романо 31 жастағы қорғаушының «Атлетикке» ауысатынын хабарлап қойған еді.

Бірақ «Әл-Наср» трансфер жайлы деректі TMS-ке (Transfer Matching System) кеш жіберген.

Сондықтан FIFA Бильбаоның клубына Эмерикті тіркеуге рұқсат бермепті.

Енді бұл мәселені тек сотқа жүгініп, CAS арқылы шешуге болады екен. Жеңсе, қысқа дейін тіркеуге мүмкіндік туады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram