02.09.2025 13:08

Михайло Мудрик жүргізуші куәлігінен айырылды

02.09.2025 13:08

Evening Standard хабарлауынша, Михайло Мудрик Ұлыбританияда көлікі жүргізу куәлігінен айырылып қалыпты

24 жастағы ойыншы BMW M8 көлігімен жылдамдық асырып, полицияның пәрменіне тоқтамай кеткен.

Содан полиция артынан қуып, бірнеше мәрте сигнал бергеннен кейін ғана тоқтаған.

Осы және оған дейінгі ереже бұзуларына байланысты айыппұл салынып, көлік жүргізу куәлігінен алты айға қағылды.

Естеріңізге сала кетсек, «Челси» ойыншысы допинг дауына байланысты футболдан шеттетілген еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram