02.09.2025 07:14

Николас Джексон «Бавария» ойыншысы атанды

02.09.2025 07:14

Николас Джексон ресми түрде «Бавария» ойыншысы атанды

Мюнхендіктер 24 жастағы шабуылшыны «Челсиден» 16,5 млн еуроға жалға алды.

Сондай-ақ маусым соңында келісілген шарттар орындалса, 65 млн еуроға сатып алу мүмкіндігі де бар.

Естеріңізге сала кетсек, лондондықтар Лиам Делаптың жарақат алуына байланысты Джексонды жіберуден бас тартқан еді. Бірақ «Сандерлендтен» Марк Гиуды қайтарып алып, Николастың кетуіне рұқсат берді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram