01.09.2025 19:14
Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрамаға көмектесе алмайды
01.09.2025 19:14
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатыса алмайды
Мәскеулік «Динамоның» намысын қорғап жүрген отандасымыз 17 тамыз күні ЦСКА-ға қарсы ойында бұлшық етін жарақаттап алған болатын.
Meta-ratings мәліметінше, осыған байланысты 27 жастағы футболшы ұлттық құрама қосынына келмей, Ресейде жарақатынан айығуын жалғастыра беретін болды.
Ресейлік клубтың басшылығы бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына ресми түрде хабарлаған екен.
Егер бәрі ойдағыдай болса, Зайнутдинов 13 қыркүйек күні «Спартакқа» қарсы өтетін мәскеулік дербиде алаңға шығады.
Зайнутдинов осы жазда «Бешикташтан» «Динамоға» ауысқан еді. Қос тарап 2029 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ал трансфер құны 2,5+ миллион еуроны құрады.
Айта кетейік, ел құрамасы қыркүйек айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді.
Алдымен 4 қыркүйекте өз алаңында Уэльсті қабылдаса, араға үш күн салып, Бельгияға қонаққа барады.