29.08.2025 21:41

Қазақстан кубогының финалисттері анықталды

29.08.2025 21:41

Қазақстан кубогының жартылай финалында «Тобыл» «Жеңісті» қапы қалдырды

Астанада өткен қарымта кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойын есебін 65-минутта Исламбек Қуат ашты. Алайда, 87-минутта Егор Хвалько бұрыштамадан асырылған допты қақпа торына енгізіп, таразы басын теңестірді.

Осылайша, бірінші кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жеткен «Тобыл» қос ойынның қорытындысы бойынша (3:2) финалға жолдама алды.

Енді қостанайлықтар Ел Кубогын жартылай финалда «Қызылжардан» (1:0) басым түскен «Ордабасымен» сарапқа салады.

Айта кетейік, Қазақстан кубогы финалы биыл алғаш рет Қызылорда қаласында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram