29.08.2025 20:06

Рафаэль Уразбахтинға көлік мінгізді

29.08.2025 20:06

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтинға Astana Motors компаниясы көлік мінгізді

Компанияның негізін қалаушысы Нұрлан Смағұлов Рафаэль Уразбахтин және Темірлан Анарбековпен кездесіп, тарихи жетістігімен құттықтады.

Жүздесу барысында Смағұлов қазақстандық бапкерге Hyundai Palisade маркалы автокөлігін тарту етті.

Сондай-ақ, «Селтикке» қарсы ойында ерлеген Анарбеков те назардан тыс қалмады. Темірланға Apple MacBook табысталды.

«Қайрат» іріктеу кезеңінде «Олимпия», КуПС, «Слован» және «Селтикті» қапы қалдырып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алған еді.

Енді Алматының ұжымы жалпы кезеңде «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» сынды командалармен шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram