02.09.2025 08:47
Соңғы күнде тіркелген трансферлер
02.09.2025 08:47
Топ-5 лигада жазғы трансфер кезеңі жабылды және соңғы күні клубтар аса белсенді болып, біршама трансфер тіркелді.
Александер Исак: «Ливерпуль» 25 жастағы шабуылшыны «Ньюкаслдан» 125 млн фунтқа сатып алды. Қос тарап 2031 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Николас Джексон: «Бавария» 24 жастағы шабуылшыны «Челсиден» 16,5 млн еуроға жалға алды. Маусым соңында 65 млн еуроға сатып алу мүмкіндігі бар.
Антони: «Бетис» 25 жастағы вингер үшін «Манчестер Юнайтедке» 22+3 млн еуро төледі. Сондай-ақ келесі сатылымнан түскен пайданың 50%-ын береді. Ал қос тарап 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Виктор Бонифасе: «Вердер» 24 жастағы шабуылшыны «Байерден» бір маусымға жалға алды. Жалақысын қос клуб бөліп төлейді.
Джейми Варди: «Кремонезе» 38 жастағы шабуылшыны еркін агент ретінде алып, бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.
Рандаль Коло-Муани: «Тоттенхэм» 26 жастағы шабуылшыны «ПСЖ-дан» 5 млн еуроға жалға алды.
Расмус Хейлунд: «Наполи» 22 жастағы шабуылшыны «Ман Юнайтедтен» 6 млн еуроға жалға алды. Сондай-ақ 44 млн еуроға сатып алу мүмкіндігі бар.
Адриен Рабьо: «Милан» 30 жастағы жартылай қорғаушыны «Марсельден» 10 млн еуроға сатып алды. Қос тарап 2028 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Алексис Санчес: «Севилья» 36 жастағы шабуылшыны тегін алып, бір жылға жарамды келісімшарт ұсынды.
Олександр Зинченко: «Ноттингем Форест» 28 жастағы қорғаушыны «Арсеналдан» бір маусымға жалға алды.
Джейдон Санчо: «Астон Вилла» 25 жастағы ойыншыны «Манчестер Юнайтедтен» бір маусымға жалға алды және жалақысының 80%-ын төлейді.
Йоан Висса: «Ньюкасл» 28 жастағы шабуылшыны «Брентфордтан» 55 млн фунтқа сатып алды.
Бенжамен Павар: «Марсель» 29 жастағы қорғаушыны «Интерден» маусым соңына дейін жалға алды.
Эдон Жегрова: «Ювентус» 26 жастағы вингерді «Лилльден» 20 млн еуроға сатып алды.
Лои Опенда: «Ювентус» 25 жастағы шабуылшыны «Лейпцигтен» жалға алды. Ал белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін 49 млн еуроға сатып алуға міндетті болады.
Харви Эллиотт: «Астон Вилла» 22 жастағы ойыншыны «Ливерпульден» бір маусымға жалға алды. Сондай-ақ кейін 35+ млн фунтқа сатып алуға міндетті.
Андреа Белотти: «Кальяри» 31 жастағы шабуылшымен бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.
Сенне Ламменс: «Манчестер Юнайтед» 23 жастағы қақпашыны «Антверпеннен» 21 млн еуроға сатып алды.
Марко Асенсио: «Фенербахче» 29 жастағы ойыншыны «ПСЖ-дан» 7,5 млн еуроға сатып алды. Қос тарап 2028 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
Нико Гонсалес: «Атлетико» 27 жастағы ойыншыны «Ювентустан» 1+1 млн еуроға жалға алды. Ал келісілген шарттар орындалса, 32 млн еуроға сатып алуға міндетті болады.
Доди Лукебакио: «Бенфика» 27 жастағы вингерді «Севильядан» 20 млн еуроға сатып алды.
Эктор Форт: «Эльче» 19 жастағы қорғаушыны «Барселонадан» маусым соңына дейін жалға алды.
Брель Эмболо: «Ренн» 28 жастағы шабуылшыны «Монакодан» 13 млн еуроға сатып алды.
Брайан Бробби: «Сандерленд» 23 жастағы шабуылшыны «Аякстан» 20 млн еуроаға сатып алды.
Конрад Хардер: «Лейпциг» 20 жастағы шабуылшыны «Спортингтен» 24 млн еуроға сатып алды.
Софьян Амрабат: «Бетис» 29 жастағы жартылай қорғаушыны «Фенербахчеден» бір маусымға жалға алды.
Бен Чилуэлл: «Страсбур» 28 жастағы қорғаушымен екі жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.