24.08.2025 09:01
7
Freedom QJ League All Star мен «Атлетико» арасындағы матч өтті
24.08.2025 09:01
7
Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында Freedom QJ League пен «Атлетико» академиясының ойыншылары арасындағы матч өтті
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында мадридтіктер жеңіске (4:5) жетті.
«Хан Тәңірі» стадионына 3115 жанкүйер келіп, лық толы болды және жігіттерге керемет қолдау көрсетті.
Сондай-ақ маңызды матч үшін арнайы ҚФФ президенті Марат Омаров пен Freedom QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов келді.
Ал QJL All Star сапынан ерекше көзге түскен Мадияр Төлеубек матчтың үздік ойыншысы атанды.