24.08.2025 00:08

7

«Наполи» маусымды сәтті бастады

24.08.2025 00:08

7

Италия А Сериясының алғашқы турында «Наполи» «Сасуоллодан» айласын асырды

Сырт алаңдағы ойында ел чемпиондары 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Неаполитандықтар сапында Скотт Мактоминей мен Кевин де Брюйне қақпа торын тулатты.

Сондай-ақ, матчтың 79-минутында «Сасуолло» жартылай қорғаушысы Исмаэль Коне екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Антонио Конте шәкірттері келесі турда өз стадионында «Кальяриді» қабылдайды. Аталған кездесу 30 тамызға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram