22.08.2025 11:19
7
Бастони А Сериясының басты фаворитін атады
22.08.2025 11:19
7
«Интер» клубының орталық қорғаушысы Алессандро Бастони өзінің командасын А Сериясының басты фавориті санамайтынын айтты
— Өткен маусымдағы чемпион әрдайым фаворит. Бірақ, біз де «скудетто» жолында аянып қалмаймыз. Ел чемпионатын жеңу үшін, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, — деді Бастони.
Айта кетейік, Кристиан Киву шәкірттері А Сериясындағы алғашқы ойынын «Ториноға» қарсы өз алаңында өткізеді.