22.08.2025 09:19

Әйелдер футболындағы ең қымбат трансфер тіркелді

22.08.2025 09:19

«Орландо Прайд» «Тигрестен» Лизбет Жаклин Овальені 1,5 млн долларға сатып алды

Осылайша бұл әйелдер футболының тарихындағы ең қымбат трансфер болып тіркелді.

Осыған дейін рекорд «Ливерпульден» «Арсеналға» 1,3 млн долларға ауысқан Оливия Смиттке тиесілі болған еді.

Ал үштікті Наоми Гирма түйіндеп тұр. 25 жастағы қорғаушы үшін «Челси» «Сан Диегоға» 1,1 млн доллар төлеген.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram