24.08.2025 00:11

8

«Арсенал» «Лидсті» ойсырата жеңді

24.08.2025 00:11

8

Ағылшын Премьер-лигасының 2-туры аясында «Арсенал» ірі есеппен (5:0) жеңіске жетті

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде алаң иелері «Лидске» жауапсыз бес гол соқты.

Лондондықтар сапында Виктор Дьокереш пен Юрриен Тимбер дубль жасап, Букайо Сака бір мәрте мергендігімен көзге түсті.

Алғашқы турда «зеңбірекшілер» «Манчестер Юнайтедті» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңген еді.

Микель Артета шәкірттері ішкі біріншіліктегі келесі ойынын «Ливерпульге» қарсы сырт алаңда өткізеді. Аталған матч 31 тамызға белгіленген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram