03.09.2025 19:02
Бальде қатардан шықты
03.09.2025 19:02
«Барселона» ойыншысы Алехандро Бальде жарақат алды
Испаниялық қорғаушы бүгінгі жаттығу кезінде сол аяғының санын зақымдап алыпты. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаты соншалықты ауыр емес екен. Ал алаңға қашан оралатыны әлі белгісіз.
Бальде Испания чемпионатының биылғы маусымындағы барлық үш матчта төбе көрсетті. Бірақ, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.
Үш турдан кейін жеті ұпай жинаған «блауграна» Ла Лиганың турнир кестесінде төртінші сатысында келеді.
Ханси Флик шәкірттері келесі ойынын «Валенсияға» қарсы су жаңа «Камп Ноу» стадионында өткізеді деп жоспарланып отыр. Аталған кездесу 14 қыркүйекке белгіленген.