27.08.2025 21:54

«Барселона» ойыншысы «Эльчеге» ауысты

27.08.2025 21:54

Иньяки Пенья мансабын «Эльчеде» жалғастырады

«Ақ-жасылдар» испаниялық қақпашыны бір маусымға жалға алды.

Сондай-ақ, Пенья кетер алдында «Барселонамен» келісімшартын 2029 жылдың ортасына дейін ұзартып қойды.

Пеньяның кетуіне байланысты, каталониялықтар Войцех Щенсныны жаңа маусымға тіркеу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, Пенья өткен маусымда «блауграна» қақпасын 23 матчта қорғап, оның жетеуінде гол жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram