27.08.2025 17:22
Андрей Лунин Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
27.08.2025 17:22
«Реал» ойыншысы Андрей Лунин мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін
AS мәліметінше, «Фенербахче» бас бапкері Жозе Моуринью украиналық қақпашыны командасында көргісі келеді.
Клубтың қазіргі голкипері Доминик Ливаковичтің ойынына португалиялық маманның көңілі толмайды екен. Ал Ливакович болса, «Ноттингем Форестке» жалға ауысуы мүмкін.
Сондай-ақ, 26-жастағы Андрейге «Галатасарай» ұжымы да қызығушылық танытып отыр.
Лунин өткен маусымда 14 ойын матчқа қатысып, оның алтауында қақпасына гол жібермеді.