01.09.2025 02:39
«Барселона» ұпай жоғалтты
01.09.2025 02:39
Ла Лиганың 3-туры аясында «Барселона» «Райо Вальеканомен» тең тарқасты
«Кампо-де-Вальекас» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Каталониялықтар сапында Ламин Ямаль пенальтиден гол соқса, алаң иелері құрамында Фран Перес қақпа торын тулатты.
Осылайша, Ханси Флик шәкірттері жаңа маусымда алғаш рет жеңіске жете алмады. Бұған дейін «Мальорка» (3:0) мен «Левантеден» (3:2) басым түскен еді.
Еншісінде жеті ұпайы бар «блауграна» турнир кестесінде төртінші орынға орнықты.
Енді «Барселона» келесі турда өз алаңында «Валенсияны» қабылдайды. Аталған кездесу 14 қыркүйекке жоспарланған.