24.08.2025 03:17

«Барселона» ғаламат камбэк жасады

24.08.2025 03:17

«Барселона» Ла Лиганың 2-туры аясында «Левантені» тізе бүктірді

Сырт алаңдағы ойында каталониялық ұжым камбэк жасап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда Иван Ромеро мен Хосе Моралес гол соғып, «Левантені» есепте алға шығарған еді.

Алайда ойынның екінші кезеңінде «блауграна» бұл екі голға үш доппен жауап қайтарды. «Барселона» ойыншылары Ферран Торрес пен Педри қақпаны дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Ал матч соңында Эльгесабаль Удондо өз қақпасына автогол соғып алды.

Осылайша Ханси Флик шәкірттері Ла Лигадағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін, бірінші турда «Мальоркадан» (3:0) басым түскен еді.

Енді ел чемпиондары ішкі чемпионаттағы келесі кездесуін «Райо Вальеканоға» қарсы сырт алаңда өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram