02.09.2025 19:09
Андрей Лунин қатардан шықты
02.09.2025 19:09
Андрей Лунин жарақат алды
«Реал» қақпашысы «Мальоркаға» қарсы ойын алдындағы дене қыздыру барысында белін ауыртып алған болатын.
Marca мәліметінше, бұл жарақаты бапкерлік штабтың ойлағанынан да ауыр болып шықты. Осыған байланысты, Лунин ұлттық құрама қосынынан кетіп, Мадридте жарақатынан айығуын жалғастырады екен.
Айта кетейік, Украина қыркүйекте 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде екі матч өткізеді. 5 қыркүйек күні Франциямен күш сынасса, араға төрт күн салып, Әзербайжанмен шеберлік байқасады.