25.08.2025 02:59
4
«Реал» қонақта ірі есеппен жеңіске жетті
25.08.2025 02:59
4
Ла Лиганың 2-туры аясында мадридтік «Реал» сырт алаңда «Реал Овьедоны» 3:0 есебімен жеңді
«Бланкос» сапында Килиан Мбаппе дубль жасаса, Винисиус Жуниор бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Осылайша патша клубы Испания чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бірінші турда «Осасунадан» (1:0) басым түскен еді.
Хаби Алонсо шәкірттері ішкі біріншіліктегі келесі ойынын «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Мальоркаға» қарсы өткізеді. Аталған кездесу 31 тамызға жоспарланған.