16.08.2025 01:58
6
Санти Касорло «Реал Овьедо» сапында «Вильярреалға» қарсы матч өткізді
16.08.2025 01:58
6
«Вильярреал» мен «Реал Овьедо» командалары арасындағы кездесумен Ла Лиганың жаңа маусымы басталды. Бұл матч Санти Касорла үшін айрықша маңызға ие болды.
Санти Касорло – «Овьедо» клубының түлегі. Ол 1996–2003 жылдары «көктердің» сапында ойнады. Алайда дарынды жас футболшыны клуб сақтап қала алмай, оны «Вильярреалға» беруге мәжбүр болған. Дәл осы «Вильярреалда» Касорла негізгі ойыншылардың біріне айналып, жұлдызы жанды.
Ауыр жарақат алғаннан кейін жасыл алаңға қайта оралған Санти кәсіпқой футболшы ретіндегі жолының соңына қарай туған клубы «Овьедоға» қайта келді. Ол тіпті ең төменгі жалақыға келісіп, командасына қолдау білдірді.
Кеше Касорла алғаш рет Ла Лигада «Овьедоның» жейдесімен «Вильярреалға» қарсы алаңға шықты. Бұл тарихи сәттің алдында оның бұрынғы әріптесі Маркос Сенна арнайы жейде сыйлады. Жейдеде 334 нөмірлі жазылып тұр. Бұл Касорланың «Вильярреал» сапындағы ресми ойындарының саны.
Санти Касорла матчтан кейін эмоциясын жасыра алмай былай деді:
– Бұл мен үшін өте ерекше сәт болды. Өмірімнің жартысын осы жерде өткіздім. Өз үйіме қайта келгендей әсер алдым. Осындай жылы қарсы алғандарыңызға алғыс айтамын. Командам жеңілгенімен, жанкүйерлердің есімімді қайта-қайта атағаны жүрегіме жылулық сыйлады.