04.09.2025 20:45

Қазақстан өз алаңында жеңіліс тапты

04.09.2025 20:45

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Уэльске есе жіберді

«Астана Аренада» өткен кездесуде 0:1 есебі тіркелді. Матчтағы жалғыз голды 24-минутта қарсылас шабуылшысы Киффер Мур соқты.

Осылайша, бес матчта 10 ұпай иеленген Уэльс J тобында көш бастады. Ал еншісінде үш ұпайы бар ел құрамасы 4-орынға табан тіреді.

Әли Әлиев шәкірттері келесі турда Бельгияға қонаққа барады. Аталған матч 7-қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram