05.09.2025 09:40
Месси рекорд жаңартты
05.09.2025 09:40
Лионель Месси Оңтүстік Америка бойынша әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ең көп ойын өткізген ойыншы атанды
39 жастағы шабуылшы 17-турдағы Венесуэлаға (3:0) қарсы ойында алаңға шығып, дубль жасады.
Бұл – Мессидің турнир аясында өткізген 72-ойыны болды. Осылайша, Аргентина дүлдүлі бұл көрсеткіш бойынша эквадорлық Иван Хуртадомен теңесті.
Месси «альбиселесте» сапындағы тұсаукесер матчын 2005 жылдың 17 тамызында өткізген болатын. Осы аралықта жалпы 194 матчта ел намысын қорғап, 114 гол мен 61 нәтижелі пастың авторы атанды.
Еске салсақ, Аргентина 14-турдан кейін мерзімінен бұрын әлем чемпионатына жолдама алып қойған еді.