05.09.2025 10:51

Лионель Месси Эквадорға қарсы ойынға қатыспайды

05.09.2025 10:51

Лионель Месси Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони өзіне демалыс бергінін айтты.

«Скалонимен сөйлестім. Ол маған демалыс беруді жөн көрді. Жарақаттан айығып келемін. Қазір бәрі жақсы болса да, алдағы ойындарға дайын болу үшін Эквадорға бармаған дұрыс деп шештік», – деді Лео.

Мезгілінен бұрын Әлем чемпионатына жолдама алып қойған аргентиналықтар 17-турда Венесуэланы 3:0 есебімен жеңді.

Ал Эквадорға қарсы іріктеудегі соңғы ойын 10 қыркүйек күні өтеді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram