05.09.2025 08:48

Әлем чемпионатына шыққан тағы үш құрама белгілі болды

05.09.2025 08:48

ӘЧ-2026 додасына Оңүстік Америка бойынша іріктеу кезеңі аяқталуға жақын және тікелей жолдамаға ие болған алты құрама да анықталды.

17-тур ойындарынан кейін Колумбия, Уругвай және Парагвай Әлем чемпионатына шықты.

Осыған дейін Аргентина, Бразилия және Эквадор мәселені шешіп қойған еді.

Енді Венесуэла мен Боливия қосымша іріктеуде ойнауға мүмкіндік беретін жолдамаға таласады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram