16.09.2025 15:17
Месси әлем чемпионатына қатыса ма?
16.09.2025 15:17
Аргентина құрамасының қорғаушысы Кристиан Ромеро отандасы Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді
— «Лео қазір бабында. Менің ойымша, ол әлем чемпионатына қатысады. Бірақ, соңғы сөзді өзі айтады. Командаға Мессидің құрамда болуы өте маңызды. Мен үшін және титтей болса да футболды түсінетін кез-келген адам үшін, Месси – тарихтағы үздік ойыншы», – деді «Тоттенхэм» қорғаушысы.
Осыған дейін, Месси Венесуэлаға (3:0) қарсы ойында Аргентина стадионындағы соңғы матчын өткізгенін мәлімдеген еді.
Айта кетейік, Оңтүстік Америка бойынша ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде 18 ойында 38 ұпай жинаған Аргентина жаһандық додаға бірінші орынмен жолдама алды.