07.09.2025 10:25
Криштиану Роналду Лионель Мессиді артқа тастады
07.09.2025 10:25
Крштиану Роналду Португалия сапында Арменияға қарсы ойында (5:0) дубль жасаған еді.
Осылайша ол Әлем чемпионатына іріктеу кезеңдеріндегі голдарының санын 38-ге жеткізді.
Бұл көрсеткіш бойынша Роналду 36 гол соққан аргентиналық Лионель Мессиді артқа тастады.
Ал рекорд 39 гол соққан гватемалалық Карлос Руиске тиесілі. Сондай-ақ топ-5 қатарында Роберт Левандовски де (31 гол) бар.