06.09.2025 22:57

Португалия ірі есеппен жеңіске жетті

06.09.2025 22:57

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Португалия Арменияны ойсырата жеңді

Еревандағы Вазген Саргсян атындағы стадионда өткен кездесуде 0:5 есебі тіркелді.

Португалия құрамасы сапында Криштиану Роналду мен Жоау Феликс дубль жасаса, Жоау Канселу бір голдың авторы атанды.

Осылайша, Роберто Мартинес шәкірттері алғашқы ойыннан кейін F тобында көш бастады. Квартетте одан бөлек Венгрия мен Ирландия бар.

Роналду бастаған ұжым келесі ойынын 9 қыркүйек күні Венгрияға қарсы сырт алаңда өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram